"Қазақстанда мобильді интернет арзан" - министр

78

Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміздегі интернеттің бағасы мен сапасы туралы бірнеше мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Factcheck.kz редакциясына сілтеме жасап.


Оның бәрі қазақстандықтардың интернет жылдамдығы туралы шағымына қатысты болды. Алғашында шенеунік бәріне радиофобтар мен тым арзан тарифтерді кінәлады. Кейін қазақстандықтарға Еуропа мен АҚШ-ты мысалға келтіріп, интернетті үнемдеуге шақырды, сонымен қатар, Астана Speedtest (интернет жылдамдығы) рейтингінде Токионы басып озды деді. Мусиннің мәлімдемесімен қатар Қазақстандағы мобильді операторлар қызмет ақысын көтеретіні туралы хабарламалар пайда болды.


Әлемдегі интернет бағасы туралы негізгі дереккөз - Cable.co.uk ұлыбританиялық аналитикалық ресурс. Портал рейтингіне сәйкес, Қазақстан расымен 1 гигабайт үшін ең арзан чек төлейтін мемлекеттер қатарына кірген. Оның бағасы - 0,37 АҚШ доллары. Расымен, басқа мемлекеттердегі бағамен салыстырғанда Қазақстанда интернет арзан.