Қызылордалық кәсіпкерлер облыс әкімдігінен қолдау таппай отырмыз дейді
Қызылордалық кәсіпкерлер үйірмелерге бөлінген қаржы уақытылы берілмесе бейбіт шеруге шықпақшы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкерлердің айтуынша, аймақ басшысымен жүздесу мүмкіндігі бұйырмай отыр. 30-ға жуық кәсіп иелері бүгінде әкімдік есігін торуылдаудан басқа шара қалмады деп наразылық білдіруде. Ал, мемлекет тарапынан берілетін тиесілі қаржыға қол жеткізе алмай отырғандығына 6 айдан астам уақыт болған. Басқарма басшылары салғыртпа жауаппен жылы жауып кетуін қояр емес. Нақты ақпарат пен берілетін қаржының мерзімін айтса жөн бөлек,- дейді кәсіпкерлер.
Өнер саласында кәсіп ашып, қолдау көреміз деген ниетіміздің күл талқаны шықты деген кәсіпкерлер бүгінде қарызға белшеден баттық дейді.
Ал, облыс әкімі орынбасарының айтуынша, сессияға салынып, қаралуы тиіс мәселе шешімін табуда әлі күнге дейін нақты қаржы жоқ. Біз бүгінде қарастыру үстіндеміз деген кезекті жауапты алдық.
Ал, кәсіпкерлер бір емес бірнеше мәрте берілген жалаң әңгіме мен бос уәдеден шаршадық. Нақты қаулы қабылдап, бекітілген шешімді қағаз жүзінде іске асырылып, қолымызға табысталса екен дейді.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша,
Ал, кәсіп иелері облыс әкімі өз қолына алып, нақты шешімін айтпаса шеруге шығамыз деп шырылдаған күйі әкімдік табалдырығын тоздыруда. Қазіргі уақытта әкімдіктің алдында аймақ басшысын күтіп отырғанына да біршама уақыт болған кәсіп иелері қонуға да әзір екендігін жасырмады.
Жыл соңына дейін толық өтеледі деген сеніммен сөз берген облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың берген уәдесі бақылауда болады.