Әкімдік қараусыз қалған ғимаратты 1,5 млн-ға сатып жіберіп, 110 млн теңгеге қайта сатып алған

1 477

Арқалық қаласында Журналист Асхат Ниязов "Обожаю" Telegram-арнасында көтерген әкімдікке тиесілі қараусыз қалған ғимаратқа қатысты шу шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Қараусыз қалған ғимаратты әкімдік 2017 жылы 1,5 миллионға сатып жіберіп, биылғы жылы қайтадан 110 миллионға сатып алған. Ғимарат қалпына келтірілмеген, тіпті жағдайы жылдар өткен сайын нашарлай берген.


Аталған оқиғаға қатысты Арқалық қаласы әкімінің аппарат басшысы Бауыржан Бралин жауап берді. Оның айтуынша, 2000 жылдардың басында халық қаладан көше бастаған кезде көптеген ғимараттар қараусыз, қаңырап бос қалып, оны күтіп ұстауға қаланың бюджетінің шамасы келмеген. 


"Ғимаратқа қатысты тұрғындардан ассоциативті элементтер жиналып, балалар ойнап, жалпы нысанға қауіп төніп тұр деген шағымдар келіп түсті. Әкімдік қалпына келтірілетін ғимараттарды жекенің қолына сату туралы шешім қабылдады. Осылайша, тұрғын емес үй-жайларды ұзақ уақыт бойы ешкім пайдаланбаған және ешкімнің атына тіркелмеген. 2008 жылдың 25 қаңтарынан бастап иесіз нысан ретінде тіркелген. Арқалық қалалық сотының 2009 жылғы 19 маусымдағы шешімімен Арқалық қаласында Абай даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан ғимарат коммуналдық меншік құқығы деп танылды. Сот шешімі шағымданбады және 2009 жылдың 4 шілдесінде заңды күшіне енді. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғимарат аукционға шығарылды. 2017 жылғы 10 қазанда бағаны төмендету әдісімен үшінші электрондық аукционның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды. Осылайша "AUHAL" ЖШС (Алматы қ.) компаниясымен 2017 жылғы 12 қазанда 1 миллион 456 168 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалды (объектінің болжалды құны 92 811 000 теңге). Бұл ғимаратты 2019 жылы жеке кәсіпкер С.Әбдіқадырұлы "AUHAL" ЖШС-нен 5,5 млн теңгеге сатып алса, 2020 жылы Шымкент қаласының кәсіпкерлері 100,0 млн теңгеге (С.Әбдіқадырұлының айтуы бойынша) ғимаратты сатып алуды ұсынған", - деді әкімнің аппарат басшысы. 


Бауыржан Бралиннің айтуынша, алдағы уақытта сатып алынған ғимаратты институттың оқу ғимаратына қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. 


“Елімізде профессорлық-оқытушылық құрамға деген сұраныстың жылдан жылға төмендемейтінін ескере отырып, алдағы 5 жылда институт алдына мынадай ауқымды міндеттер қойып, студенттердің санын 5000 адамға дейін ұлғайту (2 есеге жуық) жоспарлануда. Осылайша, студенттер санының ұлғаюы резидент емес студенттер үшін оқу кеңістігін және тұрғын үй кеңістігін көбейтуге әкеледі. Сонымен қатар, институттың бас корпусының ғимараты бұрынғы әкімшілік ғимараты, оқу мекемесіне тән емес институттың орнына жаңа ғимарат салу міндеті алға қойылды. Алайда институт ғимаратының жанында институт салуға жер телімі жоқ. Институттан 500 метр жерде бұрынғы ауыл шаруашылығы бөлімінің әкімшілік ғимараты бар, оны жоғары оқу орнының оқу ғимараты етіп қайта құруға болады. Ғимарат 6 қабатты, 1 кіреберіс, ауданы 6 698,5 ш.м. Ғимарат 1960 жылы салынған, С.Әбдіқадірұлына тиесілі. Ғимарат иесі оны 180,0 млн теңгеге сатуды ойластырып жүрген. Меншік иесімен азаматтық ұстанымды көрсету және ғимаратты қолайлы бағаға сату туралы барлық келіссөздер оң нәтижеге бермеді. Бұл жоба аумақтарды дамытудың кешенді жоспарына инвестициялық жоба ретінде енгізілгендіктен нысан бір көзден 110,0 миллион теңгеге сатып алынды. Өйткені екі рет жарияланған ашық тендер қатысушылардың болмауына байланысты өтпей қалды", - деді Бралин. 


Оның айтуынша, қазіргі таңда жер учаскесі уақытша пайдалануда болғандықтан, учаскені тұрақты жер пайдалану құқығына беру туралы шешім қабылданып, Қаулы дайындалды. Оны Қостанай қаласының құрылыс бөлімінің балансына беру үшін жер актісін дайындау жұмыстары жүргізілуде.