Мүмкіндігі шектеулі балаларға дамыту орталығындағы қызметкерлер зәбір көрсеткен

581
Астанадағы инклюзивті балабақшада тәрбиешілер ерекше балаларды қорлаған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қорлаған видео әлеуметтік желіге тарап, қоғам арасында қызу талқыға түсіп, пікір талас тудырды. Балаларын астаналық «Балам-ай» балабақшасына алып барған аналар осы уақыт бойы балаларын ұрып-соғып, қараусыз қалдырып, түрлі қорлықтарын тартырғандығын хабарсыз болған. Бұл оқиғаны алғаш болып  сал ауруына шалдыққан баланың анасы білген. Баласы  балабақшадан кейін үнемі шөлдеп, ыңылдап жүргендігінен күдіктенген ана балабақшаның бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарап шыққан. Арбаға таңылған баласына тиісті қолдау көрсетілмей, қызметкерлер тарапынан қоқан-лоқы көрсетіліп, қорқытып жүргені белгілі болған. 




Тәрбиешілер науқас балаларды қорлап,қолдарынан қысып ұстап, жоғарыға көтеріп лақтырған. Бұл ерекше балалар үшін үлкен күйзеліс қана емес, олардың өміріне төнген қауіп. Осының бәрін білген ата-ана полиция, прокуратура, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелеріне жүгінген. Балабақша бюджет ақшасына жұмыс істеген болып шықты. 

"Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында «102» арнасына «Балам-ай» балаларды дамыту орталығында кәмелетке толмаған баланың зорлық-зомбылық көргені туралы хабарлама келіп түскен. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жасөспірімге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істі тергеу бақылауға алынды,"-  деп хабарлады қалалық полиция департаментінің өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.