Ақтөбеде қаңғыбас иттер әйел мен баласына шабуыл жасаған
221
Ақтөбедегі Нұр сити маңында Назгүл есімді тұрғын мен оның 2 жасар ұлына иттер шапқан. Әйел баласын қорғап үлгерген, алайда иттер оның аяғын тістеп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.
Күйеуі Тимурдың сөзінше, Назгүл 19:00-де үшінші шағын ауданнан төртіншіге бара жатқан. Иттер шабуылдағанда жанында 2 жасар ұлы болыпты. Әйел баласын иттер тістемеу үшін жоғары көтерген.
Ветеринария басқамасында облыс бойынша 2 наурызға дейін 3 792 ит ауланып, жойылғанын мәлімдеді. Ал Ақтөбе қаласы бойынша 2 294 ит ауланған. Жануарларға қатысты заң күшіне енген соң 4 302 қаңғыбас және қараусыз иттер ауланған. Нұр ситидегі жағдайдан кейін ветеринария станциясы 19 итті аулапты.
Күйеуі Тимурдың сөзінше, Назгүл 19:00-де үшінші шағын ауданнан төртіншіге бара жатқан. Иттер шабуылдағанда жанында 2 жасар ұлы болыпты. Әйел баласын иттер тістемеу үшін жоғары көтерген.
"Әйелім сырқаттанып, дәрі қабылдау үшін көрші үйде тұратын туыстарына бара жатқан. Жанында 2 жасар ұлымыз болды. Иттер тап бергенде баланы көтеріп алған. Бірақ иттер әйеліме шапқан. Көмекке екі адам келіпті, олар иттерді қуып жіберіпті. Бала қатты шошынып қалған. Енді иттерді көрсе қорқады. Ал әйелім қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына түсті, қазір дәрі қабылдап жүр. Құрылыс алаңында иттерді көретіндерін айтты. Олар өте қабаған, ешкімнен қорықпайды. Тек менің әйеліме емес, тағы бір жігітке шапқан екен. Ол қуып үлгеріпті", – деді Тимур.