Қызылорда облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерінің жер телімдерін тіркеу кезінде заң бұзушылыққа жол берген

1 808

Фото. Мұрат Теміржанов парақшасынан алынған«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің жер телімдерін тіркеу кезінде өрескел заң бұзушылыққа жол бергені анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментімен (бұдан әрі - Департамент)  «Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының (бұдан әрі-Филиал) қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелерімен 475 бұзушылық анықталды.


Кейбір бұзушылықтарда Филиал қызметкерлері тарапынан өз қызметтік өкілеттігін пайдаланудың белгілері байқалады, атап айтқанда:

- бір шешімнің негізінде екі дербес жер учаскесі рәсімделген;

- Филиал қызметкері жер учаскесінің орналасу схемасына сәйкес келмегеніне қарамастан, өзіне «ыңғайлы» жер учаскесін таңдап, рәсімдеген;

- жер учаскесін ресімдеу кезінде көлемі 600,0 шаршы метрден 769,0 шаршы метрге дейін негізсіз ұлғайтылған, яғни 169 шаршы метр жер «сыйға тартылған».

Филиалдың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері салдарынан кейбір тұлғалар мемлекеттің қорындағы жер учаскелерін иемденіп алған.

Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және материалдар құқық қорғау органдарына жолданды деп хабарлайды ҚР АШМ Жер комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.