Жұмыс берушілерге қатысты жаңа талап енгізіледі

1 504

Фото:© pixabay2026 жылғы 14 мамырда Сенат еңбек заңнамасын жетілдіруге қатысты заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады,-деп хабарлайды Opennews.kz. ақпарат агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенатор Руслан Рүстемовтың айтуынша, өзгерістер еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы одан әрі дамытуға бағытталған. Заңның негізгі мақсаты – жұмыскерлердің құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын арттыру және еңбек қатынастарының негізгі рәсімдерін нақтылау.  Еңбек кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Еңбек кодексіне еңбек саласында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға бағытталған жаңа қағидаттар енгізіледі.  Уақытша еңбекке жарамсыздық немесе әлеуметтік демалыс кезеңіне сәйкес келген жағдайда соңғы жұмыс күнін айқындау тәртібі нақтыланады. Бұдан бөлек, жұмыскерлердің скринингтік тексерулерден өту тәртібі белгіленеді. Алдын ала медициналық тексеруден өтуге кеткен уақыт үшін орташа жалақыны төлеу мәселесі реттеледі.

Жұмыс берушілерге енді жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы жазбаша түрде хабарлау міндеті жүктеледі.