Мұғалімдер Жаңа жылға қанша сыйақы алады?
Сыйақы жалпы мектептің жылдық бюджетінің ішінде үнемделген қаржы есебінен ғана төленеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тілшілер "Мұғалімдерге сыйақы беру мәселесі ішкі тәртіпке қатысты ма, басшылықтың шешіміне қатысты ма? Әлде мемлекет қаржысын үнемдеумен байланысты ма?" деп сұрады.
Қаныбек Жұмашев білім беру жүйесінде вертикальді басқару жүйесі орныққанын баса айтты.
8 мың мектеп болатын болса, 220 аудандық білім бөлімдері осы мектептердің жылдық қаржы есептерін қабылдап, жаңа жылдағы қаржы қорларын бекітіп отырады. Сондықтан бұл тікелей сол ауданның немесе сол қаланың қаржылық түсімдеріне байланысты болады. Сыйақы мәселесі қай ауданда қаржы табу көзі көп болса, мектептерге тең бөліп берілсе, сол мектептерде сыйақы алу ықтималдығы жоғары. Тікелей қаржыға байланысты", – деп нақтылады Қаныбек Жұмашев.
Қаз
Рус






