Ақтаулық әлем чемпионы сыйақысын ауыл балаларына берді

250

Еркін күрестен әлем чемпионы, ақтаулық спортшы Камил Куруглиев сыйақысын ауылдық спортзалға берді деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.




92 келіде сынға түсіп, жеңіске жеткен балуанға спорт жанашыры Ерлан Қожасбай 1 миллион теңге сыйақы тағайындаған болатын. Камил бұл қаражатты Маңғыстау облысы Қызылсай ауылындағы жас балуандарға күресетін кілем әперуге жұмсады. Жанкүйерлер балуанның бұл әрекетіне алғысын жаудырып жатыр.

Айта кетейік, әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын жеңіп алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.