Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен баласын көлік қағып кетті

221
Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде әйел мен баласын көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 мамырда Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Бөгенбай батыр көшесі мен "Кеңдала" аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болғаны, зардап шеккендер бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

"41 жастағы Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесі бойымен Әл-Фараби көшесі жағынан Сәңкібай батыр даңғылына қарай келе жатып, №32 үйге қарама-қарсы жаяу жүргіншілер өткелінде адам жоқ екеніне көз жеткізбей жүре беріп, 44 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер Ақтөбе қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші ішімдік ішпегені анықталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.