Болат Назарбаевтың туыстары сотта жеңіліс тапты

1 344

Фото: saliqaly.kzБолат Назарбаевтың бұрынғы туыстары BNC Plaza бойынша берген аппеляциялық сотта жеңілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы қалалық сотында BNC Plaza бизнес орталығы бойынша апелляциялық инстанцияның отырысы өтті. Істе Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваның қарындасы Гүлжамал Құрманғали талапкер ретінде қатысты.


Сот процесі Болат Назарбаев тірі кезде басталған болатын. Оның қайтыс болғаннан кейін талапкерлер сотты оның мұрагерлерімен жалғастыруды жоспарлады. Алайда 2024 жылдың мамыр айында бірінші инстанция соты бұл істі қараудан бас тартты. Себебі марқұм Назарбаевтың мұрагерлері әлі мұрагерлік құқықтарын қабылдамаған болып шықты.


Ал бүгін Алматы қалалық соты алдыңғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Құрманғалиева тарапы бұл шешімге қатысты Жоғарғы сотқа шағымдануды және екінші инстанциядағы судьяға арыз түсіруді жоспарлап отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.