Қазақстандық ер адам желідегі посты үшін 500 мыңнан астам айыппұл арқалады

1 532

Фото: .istockphoto.com/photoАқтөбе облысының Алғы аудандық сотында Instagram желісінде жала жабу ісі қаралған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам әйелдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылған. 

Ер адам өзінің Instagram парақшасында жәбірленуші туралы жалған ақпарат жариялаған. Бұл ақпарат оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіргені анықталған.

Тыңдау барысында сот құқықбұзушының өз кінәсін толық мойындағанын ескерген. Сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың жоғын атап өткен.

Сот ер адамды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі “жала жабу” бойынша кінәлі деп тапқан. Оған 544 950 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.