Нәрестелерді сатумен айналысқан АХАЖ қызметкері ұсталды
221
Алматыда нәрестелерді сататын 5 адамнан құралған топ ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің өкілдері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ ұзақ уақытқа созылған шараның нәтижесінде ұсталған. Олар баласыз жұптарға нәрестені заңсыз асырап алуда көмек көрсеткен.
Сөзінше, келісімшарт құны 2 миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасау бағасы 700 мың теңгеге дейін жеткен.
Күдіктілердің барлығы тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәлары дәлелденсе, 12-ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жүргізілген іс-шара нәтижесінде құрамында аудандық АХАЖ бөлімінің қызметкері бар топ алдын-ала келісім бойынша сәбиінен бас тартуға дайын жүкті әйелдер мен балалы болғысы келетін отбасыларды іздеген. Сондай-ақ жалған туу туралы куәлік дайындаған, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.
Сөзінше, келісімшарт құны 2 миллион теңгеге дейін, ал жалған құжат жасау бағасы 700 мың теңгеге дейін жеткен.
Бүгінде күдіктілердің алты сәби сату дерегіне қатысы бары анықталды, - деп қосты Нұрмағамбетов.
Күдіктілердің барлығы тергеу изоляторына қамалған. Егер кінәлары дәлелденсе, 12-ден 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.