Қызылордада 16 жастағы сыныптасын жөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Мектеп директоры және бірнеше қызметкер жұмыстан шығарылды
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиын өткізіп, кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тарту фактісінің алдын алмаған уәкілетті тұлғаларға қатаң шара қолдануды талап етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі бұл атышулы қылмыс жарты жылға жуық уақытқа созылғанын айтты. Бірақ полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен мұғалімдер бұл мәселе туралы білмеген.
Оның айтуынша, білім саласы мамандары да өз жұмыстарына немқұрайлы қараған. Мектеп басшылығы, мұғалімдер, мектеп инспекторы өз міндеттерін орындамаған. Бұл келеңсіз оқиғаның алдын алуға мектеп психологы, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп директоры еш әрекет жасаған жоқ.
Әкім оқушының сабақтан жиі қалып қоятыны белгілі болғаннан кейін мұғалімдер дұрыс профилактикалық жұмыс жүргізбегенін, керісінше мәселені жасыруға тырысқанын атап өтті.
Сөзінше, оқиғаға өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған мектеп инспекторы мен учаскелік полиция инспекторы тікелей кінәлі. Сонымен қатар оны бақыламаған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ювеналды полиция бөлімі, қалалық ішкі істер басқармасы мен облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын да сынға алды.
Облыстық балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Жақсыгүл Тоғановаға облыстағы барлық білім беру ұйымдарының жұмысын сараптай отырып, дереу жұмыс тобын құру тапсырылды. Ол енді алдын алу шараларын жүргізіп, проблемасы бар отбасыларды аралау қажет.
Әкім оқиға басталғалы бері жергілікті атқарушы органдар зардап шегушінің отбасына жан-жақты көмек көрсетіп келе жатқанын және алдағы уақытта да көмек көрсететінін атап өтті. Ол тергеу әрекеттерінің барынша объективті жүргізілуін талап етті.