Трансвеститтер "клиенттеріне" ВИЧ-ті қасақана жұқтырған

1 508

Фото: AFP 2024 / PAUL J. RICHARDSАтырауда АИТВ-ны (ВИЧ) қасақана жұқтырды деген күдікпен 2 трансвестит ұсталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

23 және 28 жастағы күдіктілер өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап ақылы интимдік қызмет көрсеткен.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Өзінде бұл аурудың бар екенін біле тұра, басқа адамға АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.