Трансвеститтер "клиенттеріне" ВИЧ-ті қасақана жұқтырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атырауда АИТВ-ны (ВИЧ) қасақана жұқтырды деген күдікпен 2 трансвестит ұсталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
23 және 28 жастағы күдіктілер өздерінде АИТВ инфекциясының бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап ақылы интимдік қызмет көрсеткен.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, жәбірленушілер анықталып жатыр.
Қаз
Рус






