Пара алған азаматты хабарлағандар 1,3 млн теңге сыйақы алды

247

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қостанайда жемқорлық туралы құзырлы органға хабарлаған үш тұрғынға 1 290 545 теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, 3 азаматқа сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін барлығы 1 290 545 теңге сыйақы берілді, - деп хабарлады өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, құзырлы орган мәліметінше, 9 айдың ішінде облыста жеңілдетілген қантқа қатысты да заңсыз әрекеттер анықталған.

Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрақтандыру қорына 3 тонна қант қайтарылып, бірнеше жауапты тұлға қызметінен босатылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.