Алматыда 20 жастағы жігіт қыздарды тұншықтырып, тонап келген

209

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: polisia.kzАлматыда 20 жастағы жігіт қыздарды тұншықтырып, тонады деген күдікке ілінді. Еш жерде жұмыс істемейтін ол тек түнгі уақытта ғана әрекет еткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полициясының хабарлауынша, еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы А.есімді азамат қылмысын тек түнгі уақытта жасаған. Жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, кейін барлық бағалы заттарын алып кеткен.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалған. Сондай-ақ қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасағаны да анықталды. Ол өз ісін мойындады. Қазір күдіктінің қаладағы осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.