Қызылордалық тұрғын 1383 теңге қарызы үшін банкроттыққа өтініш берген

219

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында соттан тыс банкроттыққа өтініш бергендердің ішінде ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңгені құраса, ең көп қарыз сомасы - 282 784  016 теңгеге жуықтайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Tazalau.qoldau.kz сайтының мәліметінше,  ең төменгі қарыз сомасы - 1383 теңге. Бұл өзін банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған Қызылорда облысының тұрғыны көрсеткен сома. Сондай-ақ, 8 876 теңге (Павлодар), 11 995 теңге (Түркістан облысы) және 13 553 теңге (Алматы облысы) болатын берешек сомасы бар.


Сонымен қатар ең көп қарыз сомасы - 282 784  016 теңге. Бұл ақпартты банкроттық туралы арыз берген Алматы облысының тұрғыны көрсеткен. Сондай-ақ, 208 миллион, 106 миллион, 73 миллион теңге және одан да төмен қарыздар кездеседі. Бұл ретте, соттан тыс банкроттық бойынша берешек сомасының шекті мәні 1600 АЕК немесе 5 520 000 теңге болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.