Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған үш полиция қызметкері сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда бұрынғы үш полиция қызметкері 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде азаптауды қолданғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеді. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2022 жылдың 9 қаңтарында сотталушылар Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген үш азаматты азаптағанын анықталды.
Бұрынғы полиция қызметкерлерінің үкімі бүгін оқылды. Сот оларға атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы мен үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.
Олар сот залында қамауға алынды. Сотталғандар үкімге шағымдана алады.
Қаз
Рус






