СҚО-да ерлi-зайыптылар иіс тиіп уланып, көз жұмды

382

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҚайғылы жағдай 25 маусым күні Тайынша ауданының Горькое елді мекенінде болған.


 112 қызметіне ауылдағы үйлердің бірінде пешті дұрыс жақпау салдарынан екі адамның – 1977 жылғы ер адам мен оның 1982 жылғы әйелінің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. 


Ведомство келтірген деректерде ерлі-зайыптылардың иіс тиіп, уланып қалғаны айтылады. 
Олардың 2007 жылы туған ұлы ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 
Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр.


 Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 


Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бірнеше күн бұрын үйдегі пеш жөнделіпті, бірақ іс соңына дейін жеткізілмеген. Соның салдары қайғылы жағдайға алып келген. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.