Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған үш полиция қызметкері сотталды

1 568

Фото: inform.kzАлматыда бұрынғы үш полиция қызметкері 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде азаптауды қолданғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеді. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2022 жылдың 9 қаңтарында сотталушылар Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген үш азаматты азаптағанын анықталды.



"Құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде үш жәбірленушіге дене азабы келтірілді", – деді қадағалау органы.


Бұрынғы полиция қызметкерлерінің үкімі бүгін оқылды. Сот оларға атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы мен үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.


Олар сот залында қамауға алынды. Сотталғандар үкімге шағымдана алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.