Дәрігерлер 9 айлық сәбиді емдеу кезінде күйдіріп алған

1 522

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скринӘлеуметтік желілерде Астанадағы ауруханада ем қабылдау кезінде 9 айлық сәби күйік алғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Баланың анасының айтуынша, қызы пневмония диагнозымен №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Нәресте жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Әйел медициналық қызметкерлердің салғырттығы салдарынан баланың аяғы күйіп қалғанын мәлімдеді.

Анасы медициналық қауіпсіздік талаптары сақталмағанын, сәбидің жағдайына тиісті бақылау болмағанын айтады. Ол ресми тексеру жүргізіп, кінәлілерді тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі редакцияға берген түсініктемесінде бұл дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.