Заңсыз ақбөкен аулаған Қызылордалық тұрғынын ұсталды

407
Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған қала тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

 Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының  қызметкерлері 31 тамыз күні рейд жүргізу барысында Құмқөл тас жолы 13 шақырымындағы далалық жерде Nissan Patrol автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан алты бас ақбөкен  аңына ұқсас жануардың өлі денесі анықталды.Күдікті ретінде бір ер адам ұсталды. Сонымен қатар оқиға орнынан алты бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың өлі денелері, бір ұңғылы, 12 калибірлі, аңшы мылтығы, 93 дана атылмаған 12 калибірлі патрон және бір дана аңшы пышағы тәркіленді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.