Өртеніп жатқан көліктен екі адамды құтқарған азамат 2 жылға сотталмақ

987

Өртеніп жатқан көліктің ішінен адамдарды құтқарып алған ер адам жазаға тартылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 24 маусым күні Астана-Көкшетау бағытындағы тас жолдың бойында болған. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша Exceed TXT автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, арақашықтық сақтамай, сол бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. 


Соқтығысу нәтижесінде Daewoo Nexia көлігі өртеніп, Exceed көлігін тізгіндеген азамат өртенген көліктің жүргізушісі мен жолаушысына көліктен шығуға көмектескен көрінеді. 


Алайда ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол апатына кінәлі деп танылған Exceed көлігінің жүргізушісіне 2 мың АЕК дейін айыппұл салынуы немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы және екі жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.