Сәбидің шетінеуіне дәрігерлерді айыптады
326
Қарағандыда 8 айлық сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қарағандыда сегіз айлық Ибрагим Айдарханның өлімінің себептеріне қатысты тергеу басталды. Бала құсып, іш өтіп, дене қызуының көтерілуімен Қарқаралы ауруханасына түскен. Үш күн қиналып, жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Баланың туыстары білікті көмек дер кезінде жеткенде оны аман алып қалуға болатынына сенімді.
Жазып берген дәрі-дәрмек көмектеспей, 19 қыркүйекте Ибрагим жедел жәрдеммен Қарқаралыдағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Сәбидің туыстары жергілікті дәрігерлерден жедел жәрдем тікұшағын шақырып, сәбиді Қарағандыдағы облыстық емханаға жіберуді өтінген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қарқаралылық дәрігерлер санитарлық авиацияны сұрағанын хабарлады. Бірақ баланың апаратындай жағдайы болмаған. Қарағандыдан бірнеше маман келген. Алайда сәби есін жимай жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын анықтау медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлімінде басталды.
Сегіз айлық Ибрагим Айдархан қазірдің өзінде туған ауылы Қарағайлыда жерленді. Отбасы әділ тергеуді сұрайды.

«Дәрі жазып беріп, бір күн бойы балаға қарау керектігін айтты. Жағдайы қиындаса, алып келіңдер деді. Біз үйге кетіп қалдық. Баламның жағдайы нашарлай берді. Құса берді», - дейді баланың әкесі Берік Айдархан.
Жазып берген дәрі-дәрмек көмектеспей, 19 қыркүйекте Ибрагим жедел жәрдеммен Қарқаралыдағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Сәбидің туыстары жергілікті дәрігерлерден жедел жәрдем тікұшағын шақырып, сәбиді Қарағандыдағы облыстық емханаға жіберуді өтінген.
«Көмек уақтылы көрсетілмеді. Бұл ақылға сыймайды ғой. 8 айлық баланы тікұшақпен алып кету керек еді. Ол 40 минутта ғана жетушші еді. 4 сағат бойы жүрген көлік келді оның орнына», - дейді туысы Айжан Ақшолақова.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қарқаралылық дәрігерлер санитарлық авиацияны сұрағанын хабарлады. Бірақ баланың апаратындай жағдайы болмаған. Қарағандыдан бірнеше маман келген. Алайда сәби есін жимай жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын анықтау медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бөлімінде басталды.
«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала диагнозы – анықталмаған екі жақты пневмония анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Балаларда бұл өте тығыз байланысты. Ал вирус инфекциясының барлық құбылыстары өзін көрсетіп, ішек инфекциясына айналуы мүмкін. Мұнда сауалнама алгоритмін жүргізу қажет болды. Науқасты ауруханада қалдыру керек еді. Менің білуімше, ауруханаға жатқызу ұсынылмаған. Өкінішке қарай, бұл шындық», - деп түсіндірді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ольга Смирнова.