1 млн теңге көлемінде пара алған қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды

1 671
Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.