Автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды

1 511

Фото:©Baq.kz архивіӨскеменде қоғамдық көлік аялдамасынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпаратьық агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 22 -ші маусымда болған. ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:45-те «102» арнасына жедел жәрдем бригадасынан Абай және Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамада жансыз ер адамның жатқаны туралы хабарлама түскен.

Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Ол медицина қызметкерлері жеткенге дейін көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.