Жұмыстан заңсыз шығарылған қызметкер 2,3 млн теңге өндіріп алды
Оралда жұмыстан заңсыз шығарылған құтқарушыға 2,3 млн теңге төленеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызметкер жұмыс орнында үш сағаттан астам болмағаны үшін жұмыстан шығарылған. Алайда жұмыс беруші тәртіптік жаза қолданар алдында одан жазбаша түсініктеме талап етпеген.
Сот мұны еңбек заңнамасын бұзу деп танып, қызметкерді бұрынғы лауазымына қайта орналастырды.
Жұмыс берушіден құтқарушының пайдасына:
▪️ бос жүрген уақыты үшін – 2 315 515 теңге;
▪️ өкіл көмегіне жұмсаған шығыны үшін – 350 мың теңге өндіріледі.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






