Қызылордалық азаматша өзінің иелігіндегі автокөлігін масаң күйдегі досына берген

1 724

Фото: WallCars.net, e-wiki.org, AutoFlit.ruАзаматша С.  Қазыбек би және Қорқыт-Ата көшелері қиылысында, өзінің иелігіндегі автокөлігін  алкогольдік  масаң  күйде болған  досы  Н.-ге басқаруға берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сот отырысында азаматша С.  өз кінәсін мойындамай, досы Н. өзіне хабарласып алып кетуін сұрағанын, содан оны алып кеткенін, жолай екеуі сөзге келіп, араларында жанжал орын алғанын, соның әсерінен жүрегі қысылғанын, сол уақытта Н. өзін алдыңғы жолаушы орынға ауыстырғанын, одан кейін оның рұқсатынсыз көлікті басқарғанын, алайда оған автокөлігін басқаруға рұқсат бермегенін және соңғының алкоголь өнімін ішкенін білмегенін көрсетті. 


Азаматша С. құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен кінәсі  толық дәлелденген.


Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен құқық  бұзушы С. кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі  соты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.