“ҚазАвтоЖолдың“ бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді

1 218

Фото:bangkokbook.ru"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Есіл өзені арқылы көпір салумен "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.

Тергеу нұсқасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты.

Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.