Пауэрбанк бір отбасын баспанадан айырды

1 521

Фото: ©Видео кадрыАқтөбеде пауэрбанк бір отбасының қайғысына себеп болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Massaget.kz ақпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазір Тимур Майрумбаевтың үйінен тек өртенген қабырғалар қалған. Іші күлге айналған, есіктері сынған, күйік иісі мүңкіп тұр. 28- ші ақпанда шыққан өрт отбасының жалғыз баспанасын күлге айналдырған. Тимур бұл үйде екі ұлы және әкесімен бірге тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша өртке пауэрбанк жарылуы себеп болған. Туыстарының айтуынша, құрылғы балалар бөлмесінде қуатталып тұрғанда қатты дыбыс шығып, артынша жалын тұтанған. Өрт лезде жиһазға тарап, үй ішін түтін басқан. Тимурдың әкесі өртсөндірушілер бірнеше минут ішінде келгенін айтты, бірақ үйді құтқару мүмкін болмаған.

"28 ақпанда Ақтөбедегі "Арман" тұрғын үй алабындағы бір қабатты жеке үйдің шатырында өрт шықты. Өрт сағат 20:02-де ауыздықталып, сағат 20:23-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Оқыс оқиғадан кейін бұл отбасы уақытша туыстарының үйіне көшкен. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.