13 жастағы қыз өзіне қол салмақ болған

178

Семейде көпірден секіріп кеткен жасөспірімді құтқарушылар судан дер кезінде алып шығып, аман алып қалған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Абай облысының ТЖД хабарлағандай, 10 қазан күні таңғы сағат 9-да ескі көпірден адам секіргені туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар өзенге келгенде 2009 жылы туған қызды тауып алған.

Қайықпен қасына барып, жәбірленушіні жағаға шығарып, содан соң қыз баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған.

«Қазір оның жағдайы қанағаттанарлықтай», – дейді құтқарушылар.


Қыздың мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз.

Осы орайда, облыстық ТЖД ата-аналарға қырағылық танытып, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.