Мектеп оқушысын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

1 376

Фото: pixabay.comПавлодарда балалар футбол клубының менеджері мектеп оқушысын зорлады. Ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Үкім шыққаннан кейін ер адам сот залында көзіне жас алды. Ол кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық әрекеттері мен психотроптық заттарды қолданғаны үшін кінәлі деп танылды. 31 жастағы менеджер өз кінәсін мойындады.

Мәліметтерге сүйенсек, былтыр 1 қыркүйекте ер адам 2013 жылғы қызды зорлаған. Ол қыздың жыныс мүшелеріне қолын тигізіп, айқайламас үшін қыздың аузын жауып тұрған. Әрі қызға есірткі береді. Кейін қызды үйінің ауласына әкеп тастайды. Сотта менеджер бар іс-әрекетті есірткіге мас күйде жасағанын және ештеңе есінде жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ ол жәбірленушінің отбасына үш миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы төлейді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.