Қызылордада балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды

4 318

Фото: gov.kzҚызылорда облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мекемеге барып, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, диетолог дайын тағамды тұтынуды есептеуде қателіктер жіберген. Сонымен қатар, медициналық-педагогикалық қызметте, паллиативтік бөлімді ашу мен ботулинотерапияны енгізуде және тағы басқа бұзушылықтар белгілі болды.


Өңірдегі өкіл заңбұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Тиісті мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша өкілдің тарапынан ұсыныстар жолданды. Орталықтың 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.