Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

1 507

Фото: ©ІІМҚазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тіркеліп жатыр, бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, соңғы уақытта алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа әрі күрделі схемаларын қолдана бастаған. Қаскүнемдер өздерін ірі компаниялардың, мемлекеттік мекемелердің немесе жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, адамдардың сеніміне кіруге тырысады. Олар көбіне жалған аккаунттар мен бөгде телефон нөмірлерін пайдаланып, қызметкерлерге тікелей хабарласады. нда алаяқтар әдейі дүрбелең туғызатын ақпарат таратып, мысалы, деректердің сыртқа шығып кеткені немесе қаржыға қауіп төніп тұрғаны туралы айтады.

Осындай қысым арқылы олар азаматтарды асығыс шешім қабылдауға итермелейді. Кей жағдайда “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” немесе “банк мамандары” ретінде басқа адамдар қосылып, сенімділікті одан әрі арттыра түседі. Олар өз нұсқауларын бұлжытпай орындауды талап етіп, психологиялық қысым көрсетеді. Нәтижесінде жәбірленушілерге банктегі қаражатын шешіп алып, оны “қауіпсіз” деп аталатын шоттарға аудару ұсынылады. Алаяқтардың сөзіне сенген азаматтар қаржысын аударғаннан кейін, қаскүнемдер дереу байланысын үзіп, ізін жасырады.

ІІМ дерегінше, мұндай қылмыстарда заманауи технологиялар кеңінен қолданылуда. Алаяқтар нөмірді ауыстыру (спуфинг), дауысты өзгерту, тіпті жасанды интеллект элементтерін пайдалану арқылы адамдарды жаңылыстырып, олардың қырағылығын төмендетеді.

 Банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді, – деп ескертті министрлік.

Осыған байланысты ведомство азаматтарды сақ болуға шақырады. Атап айтқанда, бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамау, жеке деректер мен банк мәліметтерін ешкімге бермеу, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет. Күмәнді жағдай туындаған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу ұсынылады.