Сыбайлас па, сырлас па? Әбдіқалықова "сенімді Серігін" қызметтен босатпай жүр

572

Қызылорда облысында қос бірдей басқарманың басшылары жемқорлық бабымен істі болса да, әкім Гүлшара Әбдіқалықованың дәл сол салаларға жауапты орынбасары әлі қызметте жүр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Әкім Әбдіқалықованың орынбасары Серік Ахмет идеология саласына жауапты.

Былтыр қазан айында Серік Ахмет тікелей басқаратын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мирамгүл Әбуованы пара алғаны үшін сот кінәлі деп таныған. Ол ескерткіш салуға келісім-шартқа отырған кәсіпкерден қомақты көлемде пара алғаны дәлелденіп, айыппұлмен құтылған болатын.

Сондай-ақ 2021 жылы спорт басқармасы басшысының да жемқорлық бабымен істі болғаны хабарланды. Оған қатысты қазір тегреу жүргізіліп жатыр.

Гүлшара Әбдіхалықова орынбасары Серік Ахметті қызметінен босату туралы құқық қорғау органдарының ұсынысын ескерусіз қалдыруы сыбайластықтың көрінісі емес пе?" деп жазды бұрынғы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махан Facebook парақшасында.

Бұлар сонда сыбайлас па? Сырлас па? Білмеймін. Әйтеуір әділдік емес. Президетіміз айтқандай әділдік болмаған жерде жемқорлық сыбайласып кетеді екен. Қарамағындағы адамдар бірнеше рет қатарынан жемқорлықпен айыпталса ондайларға кешірім болмау керек,— дейді Талғат Махан.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осыдан тура екі жарым ай бұрын елордада журналистерге берген сұхбатында Серік Ахметтің осы мәселеге байланысты отставкаға өтініш бергенін айтқан. Алайда орынбасарын босата ма, жоқ па өзі ойланып жүрмін деген еді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.