Қазақстанда QR-төлемдер барлық банкке ортақ терминалмен қабылданатын болады

259
Қостанай облысында орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. 4 қыркүйек 2022 жыл. Сурет төтенше жағдай министрлігінің Инстаграм парақшасынан алынды.

Фото: https://kgd.gov.kz/ru/

Қазақстанда QR-код арқылы төлем жасайтын ортақ терминал жасау жоспарланып отыр. Бұл терминал еліміздегі банктердің бәріне ортақ қызмет көрсетпек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» атты форумда вице-министр Әсел Жанасова осындай жоспар бар екенін мәлім етті.
Айтуынша, бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.

«Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни, банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады», - деді Әсел Жанасова
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.