Ішіп-жеп төлемей кетті: 180 мың теңге қарызды 18 жастағы даяшыға жүктеді
Алматыдағы Time Lounge Bar мекемесінде 18 жастағы даяшы келеңсіз жағдайға тап болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 23 тамызда бірнеше келуші шамамен 180 мың теңгеге тапсырыс берген. Алайда олар есепті төлемей, мекемеден шығып кеткен.
Осыдан кейін 180 мың теңге көлеміндегі қарыз даяшының мойнына жүктелген. Студент қыз әлеуметтік желі арқылы аталған келушілерді танитын адамдардан олардың кім екенін анықтауға көмектесуді сұрады. Жастардың видеосы желіде тарады.
Қазір оқиғаға қатысты өзге де мән-жайлар нақтыланып жатыр.
Қаз
Рус






