Жүкті әйелін өлтіріп, жазатайым оқиға ойлап тапқан жігіт ұсталды

513

Оқиға 2021 жылдың сәуір айында Павлодар облысы Успен ауданында болған. Аяғы ауыр келіншек өз үйінде көз жұмған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Мән-жайды тексерген полиция қызметкерлері әйелді біреу өлтіруі мүмкін деген болжам жасады.

Марқұмның анасы таң ата қатты дауыстан шошып оянған. Күйеу баласы "жаным, саған не болды?" деп жан ұшыра айқайлапты. Көрші бөлмеден атып шыққан ол қызының еденде сұлап жатқанын, ал күйеу баласы оның кеудесіне жасанды тыныс беруге әуреленіп отырғанын көреді.

Жігіт дәрігерлерге әйелінің ауырып қалғанын, ентігіп еденге құлағанын және сол мезетте оған алғашқы көмек көрсете бастағанын айтыпты.

Бұған сенбеген полицейлер тергеу жүргізеді. Олар еденнің ағаш тақтайшаларын ашып, сол жерден қан іздерін, сондай-ақ құрамында хлоры бар заттың ерітіндісін тапты. Жігіт қылмысын жасырмақ болған.

Ерлі-зайыптылар арасында қызғаныштан жанжал туындап, жігіт жүкті әйелін тұншықтырып өлтіргені анықталды. Күдікті жазадан құтылмақ болып, ойдан жазатайым оқиға құрастырған. Жігіттің кінәсі дәлелденді,— деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жарын өлтірген жігіт Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйелдің соңында екі баласы қалды.