Қызылордада «Ekin Patrоl G2» көлігі жарық жолақтарын жағып жүрмек

1 225
Қызылорда облыс аумағында жаңа бейнекамералы «Ekin Patrоl G2» құрылғысы түрлі түсті шамдарын жағу тапсырылды,- деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бүгінде қала халқы жаңа құрылғының қақпанына түсіп, айыппұл арқалап жүрген жайы бар. Десек те, қатты жылдамдықпен жүруді жөн санайтын жүргізушілер де аз емес. Тіпті халық арасында өзіндік атау алған камералы көліктер көше бойында, бақылау жүргізу барысында түрлі-түсті шамдарын жақпайды деп наразылық білдірушілер де жетерлік. 

Расында әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсіп, өзекті тақырыпқа айналған жаңа  құрылғы орнатылған көлік  түрлі - түсті шамдарын  жағуға нұсқаулық берілді.

Бұл жөнінде, Қызылорда Полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары:

«Заң бойынша көлік үстінде орнатылған түрлі жолақ шамдары жағу міндеттелмеген. Халық игілігі үшін бүгіннен бастап, барлық бөлімшелер мен қызметкерлерге тапсырма беріледі. Арнайы қызыл және көк түсті шамдарын жағу тапсырылады. Барлық жағдай ескеріледі.»,- деді  Амитов Шамшидин Егенбердіұлы.




Айта кету керек, әлеуметтік желіде өзінің айыппұлын заңсыз салынған деп   арызданушылар қатары да күн санап өсіп келеді. Осы орайда біздің ақпарат агенттігі «Алаяқ атанған «Ekin Patrol G2» жүргізушілер наразылығын тудыруда » атты мақала жарық көрген болатын.  Жариялымға сәйкес Facebook желісінде жарияланған ақпаратта жоғары жылдамдықта көлік жүргізуі анықталып, айыппұл заңды күшінде қалғандығы белгілі болды. 

Ал, Қызылорда Полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Егенбердіұлы берген жаңа нұсқама жүзеге асып, жол сақшылары бақылау барысында түрлі жарық жолақтарын жағып жүреді деп сенеміз. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.