Бекболат Тілеухан журналистен кешірім сұрады

336
Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Шенеунік сұхбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.

Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процес барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді.

Шенеунік өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.