Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыс 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, өсу Маңғыстау облысында 12,2%-ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.
"Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % – мал ұрлығы (1 051), 0,4 % – адам өлтіру (566), 0,3% – зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар – 32,7% (43 462). Онша ауыр емес қылмыстар 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады. Сонымен қатар, ұрлық 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді. Сондай-ақ мал ұрлығы да 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды", – делінген хабарламада.