Қызылорда облысындағы жаңадан ашылған аттракцион істен шықты
1 671
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаңадан берілген аттракцион істен шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Колесо обозрения" аттракционының бос кабинасы істен шығып, жарамсыз болған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарай бастады.
Сыр өңірінде Республика күніне орай тарту ретінде Жаңақорған ауданында жаңа демалыс паркі ел игілігіне берілген болатын. Тіпті, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев заманауи үлгідегі мәдени нысанды аралап көріп, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Десек те, бой көтерген заманауи нысандардың бірі "Prime Park" демалыс саябағы жобасының құны 790 миллион тенгені құраған. Жергілікті кәсіпкер Марлен Ысқақов жетекші ететін "Азимут-М" ЖШС-нің жеке қаржысы есебінен салынған саябақтың сапасы сын көтермегені ме мереке қарсаңында істен шығып, апатты жағдайды тудырғаны белгілі болды.
Ашылуынан жабылуы тез болған саябақтың қуанышы ұзаққа созылмады. Абырой болғанда төтенше жағдай тудырған аттракцион кабинасының ішінде адам болмаған. Ал, аттракционға мініп қызықтаған аудан тұрғындарының айтуынша,
Шындығында саябақтағы аттракциондардың техникалық қауіпсіздігін алдын-ала тексеріп, содан кейін ғана іске қоспаушы ма еді? Қалың жұртты жинап алып, атқарылған жұмыстардың қатарын толықтырудың амалы ма? Сан емес сапа үшін қашан қызмет етеміз?
Ал, Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:
Ең сорақысы халық игілігіне пайдалануға берілген ойын құрылғысының сапалы не сапасыз екендігін халық пайдалану барысында тексерілуі керек пе? Аудандағы жаға ұстатарлық жайтқа тұрғындар да наразылықтарын білдіруде.
Ең сорақысы, орнатылған аттракцион Байқоңыр қаласында «апатты» деп танылып, бірнеше жылдар бойы іске қосылмағандығы жайында хабар тарады. Шындығында, аталмыш ойын құрылғысы Байқоңыр қаласынан келгендігін байқоңырлық тұрғындар жоғарыда атап өткен болатын.
Алайда, жеке кәсіпкер тарапынан бой көтерген саябақтан басқа, ауданға жасаған жақсылығы жетерлік. Атап айтқанда, Шалқия кентінен Жаңақорғанға дейін жарық бағаналарын орнатып, «Құмсахаба» мешітін салғаны да белгілі болды.

Тура осы ақау алдында қызым отырып түскен болатын. Жүрегім тарсылдап кетті, неге халық үшін қауіпсіздікті ойламайды?,- дейді видео авторы.
Шындығында саябақтағы аттракциондардың техникалық қауіпсіздігін алдын-ала тексеріп, содан кейін ғана іске қоспаушы ма еді? Қалың жұртты жинап алып, атқарылған жұмыстардың қатарын толықтырудың амалы ма? Сан емес сапа үшін қашан қызмет етеміз?
Ал, Жаңақорған ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:
Демалыс саябағына орнатылған айналма ойын құрылғысына техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құлаған, айналма құрылғысының орындығын түсіріп алған. Қазіргі уақытта айналма ойын құрылғысы күннің салқындауына байланысты тоқтатылған, -деді Нұрбол Бакиров.
Ең сорақысы халық игілігіне пайдалануға берілген ойын құрылғысының сапалы не сапасыз екендігін халық пайдалану барысында тексерілуі керек пе? Аудандағы жаға ұстатарлық жайтқа тұрғындар да наразылықтарын білдіруде.
Сапасыз жасалғаны ма, аудан әкімдігі қабылдағанда тексермегені ме?, - деді Нұрлан Жұматов
Бес минут бес жуз теңге бұданда жұмыс орны ашылса халықтан ақша алуды емес халықты жұмыспен қамтуды ойласа жақсы болар еді. Бұндай қауіпті болса не керегі бар? Ақша төлеп майып болу үшін бе?, -дейді Эльмира Таутенова.