Есіл өзенінен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды

295
Нұр-Сұлтан қаласында  жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.  

19 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында 19 жастағы қыздың анасы қызының үйіне оралмағаны туралы жергілікті полицияға ескерткен.

Жоғалып кеткен қызды іздеу жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық гвардияның жеке құрамы, еріктілер мен тұрғындар атсалысқан.

Соңғы мәрте  қала тұрғындары қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Сол себепті іздеу жұмыстарына сүңгуірлер де тартылған.

 "22 қыркүйекте сағат 11:20-да жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.