40 адамға жалған медициналық анықтама жасаған медбике ұсталды

1 515

Фото: Ақтөбе қаласының ПДАқтөбеде 40 адамға жалған медициналық анықтама рәсімдеген медбике ұсталды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі  Sn.kz порталына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жалған медициналық анықтаманы беру кезінде қаланың клиникаларының бірінің ғимаратында медбикені ұстаған.

Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті пайда табу мақсатында өзінің танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№075, №086 нысандағы анықтамалар және санитарлық кітапшалар) дайындау және сату бойынша заңсыз схема ұйымдастырған.

Анықталғандай, аталған тұлғалар клиенттерді міндетті зертханалық тексерулерден және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен нақты өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған. Мұндай құжаттарды заңсыз рәсімдегені үшін олар жүйелі түрде 5 000-нан 10 000 теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып келген.

Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс әдісімен» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.