Салық органдары eGov арқылы азаматтардың мүлкі мен қарызын бақылауға алады
Енді eGov порталы арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы қазақстандықтардың үйі мен жер телімдері туралы ақпаратты салық органдарына күнделікті онлайн-режимде жіберіп отырады. Бұл ереже алдағы жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа тәртіпке сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтардың атында қандай жылжымайтын мүлік бар екенін анықтап, соған сәйкес салық салуды жоспарлап отыр. Бұл тізімге жер телімдерімен қатар саяжайлар, жеке паркингтер, қоймалар және шаруа қожалықтары да кіреді.
Мемлекеттік органдар жеке деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, салық органдарына борышкерлер туралы ақпарат та берілмек. 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға қарыз қазақстандықтар жайлы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Осылайша жыл соңына дейін борышкерлердің бірыңғай тізімі жасалып, несие сомасы мен қарыз қалдығы бойынша есеп жүргізіледі.
Бастаманың негізгі мақсаты – азаматтардың нақты табысы мен шығысын бақылау және салықтық тәртіпті күшейту.







