Қызылордада күріш бағасы шарықтап кетті
4 641
Сыр өңірінің бренді болған күріш бағасы дүкен сөрелерінде 600 теңгеден саудалануда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өзімізде барға өзіміз жарымадық. Еліміз осы күнге дейін күріш мәселесіне бас ауыртпаған еді. Дегенмен соңғы жылдары диқандар егін алқаптарын біршама азайтуға мәжбүр болды. Себебі Сырдың табаны көрініп, су тапшылығы саланы қыспаққа салған. Енді аяқасты күріш бағасының қымбаттауы Сыр жұртшылығының наразылығын тудыруда.
Расында өзіміздің өңірде шығатын өнімнің құны неге өзгерді? Егер күріш аз өндірілсе, Қазақстандық күріштің Ресейге «белсенді» экспортына неге шектеу қоймасқа? Қызылорда облысында күріштің бағасы қымбаттады дегенді қалай түсіндіреміз? Деген сауалдар сананы қаумалайтыны да жасырын емес.
Статистикаға сүйенсек, биыл елімізде 200 мың тоннаға жуық күріш жиналған. Оның үстіне елімізге сырттан келетін үлесі бар. Атап айтқанда, бір жылда шамамен 10-15 мың тонна күріш шетелден әкелінеді. Ал 12 мемлекетке жылына 50-60 мың тонна жөнелтіледі екен.
2020 жылға дейін Сыр өңірінде шамамен 90 мың гектар жерге күріш егілсе, екі жылдың ішінде 9 мың гектарға жуық алқапқа күріш егілмейтін болған. Тіпті үстіміздегі жылы қысқарту болса – таңғалмаңыз. Дегенмен бұл жағдай алдын ала болжанып қойған секілді.
Онсызда еңсесін тіктей алмай отырған тұрғындардың қалтасын қаққан қымбатшылықтың лебі басылар емес.
Мамандардың айтуынша, тыңайтқыштардың бағасы 2-2,5 есеге дейін өскен. Мысалы арзан жанар жағармай, авиохим перероботка, тасымал құны да едәуір көтерілген.
Биыл 200 мың тоннаға жуық ақ күріш алынған. Бұл - Қызылорданың ғана емес, еліміздегі сұранысты толық қамтиды. Биыл өнім тапшылығы болмайды, деп сендірген сала басшыларының бірі:
Жылдағы “дәстүр бойынша” жалақы қосылса, зейнетақы өссе, азық-түлік бағасы аспандайтын әбігер жыл басында қайта басталды.Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы қара халыққа қиынға соғуда. Сыр елінің мерейіне баланып, әкімдер есебінде ауыз толтыра айтылатын бұл жетістіктен қалың бұқараға не пайда?! Қарапайым халыққа ішер астың арзанға түскені мемлекет үшін ең үлкен жетістік екенін ескерсек екен.

Базар бағасы удай қымбат. Алдыңғы жылы қант таппай қырылған қауым, бүгінде өзіміздің күріш қымбаттап отыр. Амал жоқ аламыз, асымыз ғой,- дейді Дәмелі Бабаөмірқызы.
Мамандардың айтуынша, тыңайтқыштардың бағасы 2-2,5 есеге дейін өскен. Мысалы арзан жанар жағармай, авиохим перероботка, тасымал құны да едәуір көтерілген.
Биыл 200 мың тоннаға жуық ақ күріш алынған. Бұл - Қызылорданың ғана емес, еліміздегі сұранысты толық қамтиды. Биыл өнім тапшылығы болмайды, деп сендірген сала басшыларының бірі:
Күріш өндірушілердің ассоциациясы бар және ірі күріш өндіруші заводтар бар 20-дан астам. Олармен біз меморандумға қол қойғанбыз. Күрішті негізсіз қымбаттатпау жөнінде және ішкі нарықта арзандау сату жөнінде, – дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсенбаев.