Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

259
Қызылорда қаласында дүкенге ұрлыққа түскен күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала орталығындағы азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды. Күдікті дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung телефоны мен темекі өнімдерін ұрлаған.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 



Аталған дерек бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.