Пойызға үлгермеген жолаушылар не істеуі керек?

2 212

фото: turksib.com.kzЖолаушылар арасында пойызға кешігіп қалу жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Пойызға кешіккен кезде ең алдымен, жолаушы вокзалдағы билет кассасына барып, жағдайды кассирге хабарлауы тиіс.

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнын жартылай қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл рәсім билетте көрсетілген пойыз станциядан жөнелтілген сәттен бастап 1 сағат ішінде ғана орындалады, - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері.

Қайтару рәсімін жүзеге асыру үшін жолаушы жеке куәлігі мен билетін ұсынуы қажет. Кассир тиісті құжаттарды рәсімдеп, егер бос орын болса, келесі пойызбен жол жүрудің басқа нұсқаларын ұсынуы мүмкін.

Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі, - дейді қызметкерлер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.